«Tomiris Tumar» балабақшасы өз қызметін 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап жүзеге асырып келеді. Балабақша Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылында орналасқан. Балабақшаның жобалық қуаттылығы – 150 бала, әрқайсысы 25 баладан тұратын 6 топ жұмыс істейді. Балабақша қажетті жиһазбен толық жабдықталған. Балалардың жайлы болуы үшін барлық жағдай жасалған: ойын, ұйықтайтын бөлмелер, асхана, балалар алаңы бар. Ойын бөлмелерінде балалармен ұйымдастырылған жұмыс жүргізу үшін барлық қажетті құралдармен қамтамасыз етілген: дидактикалық материалдар, дамытушы ойындар, спорттық құрал-жабдықтар. Педагогикалық қызметті 8 тәрбиеші жүзеге асырады. Олар балаларға қамқор болып, оларды жақсы көріп, ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа және басқа да жағымды қасиеттерге тәрбиелейді. Дәліздер мен ойын бөлмелері тиісті түрде безендірілген.